Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Сүйінші жаңалықты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеткізді.
Мемлекет басшысы Х желісіндегі парақшасында отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтады.
«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», -деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!