Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық қос шәкірт қари атанды

24.02.2025, 0:04 30

Әйтеке би кентінде “Қазалы” Қарилар дайындау орталығында Құран Кәрімді толық жаттаған жас қариларға сертификат табыстау рәсімі өтті

Салтанатты шарада Қазалы ауданының бас имамы Нұрдәулет Асқарұлы орталықтың кезекті қарилары Байбатшаев Асқар мен Юров Азирді таныстырып, Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлының атынан арнайы сертификатты және жамағат атынан 100000 тг көлемінде қаржылай сыйлықты табыстады.

Сондай-ақ, шәкірттерге Құран үйретіп, тәлім-тәрбие берген ұстаздары ҚМДБ төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен, ал орталыққа әрдайым қолдау көрсетіп жүрген демеуші азаматтар облыс бас имамының алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, аталмыш орталықтан бұған дейін 1 қари шыққан болатын. Жалпы облыс бойынша 4 Қарилар дайындау орталығы, 2 қайырымдылық мекемесі жұмыс істейді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: