Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қауіпсіздік ережелерін қаперден шығармау керек

22.11.2024, 16:45 42

HALYQLINE.KZ

Жылу беру маусымы кезінде тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалану аса маңызды. Әсіресе, газ жабдықтарының техникалық жағдайын тұрақты тексеріп, сақтық шараларын қатаң ұстанған абзал. Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков өрт қауіпсіздігі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады.

– Жылу беру маусымында өрттің алдын алу және қауіп-қатерді азайту мақсатында әр сенбіде департамент, полиция қызметкерлері және волонтерлер бірлесіп облыс көлемінде профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Биыл 41 827 тұрғын үй ауласы араланып, тұрғындармен 191 кездесу өтті. Кездесулерде электр және газ жабдықтарын орнату мен пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Болып жатқан өрт оқиғаларының көпшілігі тұрғындардың қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан пайда болады. Департаментпен аймақтағы әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету шаралары да жүзеге асуда. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алған тізімге сәйкес, тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғызбасты аналар мен мүгедектігі бар адамдар тұратын 5 463 отбасының тізімі нақтыланды. Аталған отбасылардың ішінде жылыту жүйесі табиғи газбен қамтылатын үйлерге орнату үшін 484 дана табиғи газды анықтайтын датчик сатып алынды. Жергілікті бюджет есебінен алынған 160 көмірқышқыл газын анықтайтын датчик әлеуметтік осал отбасыларға орнатылды. Айта кету керек, 19 қараша мен 19 желтоқсан аралығында әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері мүдделі мемлекеттік органдар мен түрлі қоғамдық бірлестіктің өкілдерін тарта отырып, ауқымды профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады, – деді Асхат Плалұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: