Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қарекет» ҚҚ жалғызбасты анаға үй сыйлады

06.10.2021, 17:30 578

HALYQLINE.KZ Бүгін «Қарекет» қайырымдылық қоры жалғызбасты анаға Әйтеке би кентінен баспана сыйлады.

Баспананың кілтін аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев және «Қарекет» қайырымдылық қорының Қазалы ауданы бойынша еріктілерінің жетекшісі Айдос Таңбышов табыстады.

Баспанаға қол жеткізген Жанкент ауылының тұрғыны Қарлыға Матова қуанышында шек жоқ. Апамыздың қолында мүмкіндігі шектеулі ұлы мен келіні және немересі бар.

Аудан орталығынан кең әрі жайлы баспанаға ие болған отбасының қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев арнайы барды. Аудан басшысы ерікті жастардың жарқын бастамасына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Айта кетейік, «Қарекет» қайырымдылық қорының басты мақсаты – мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көпбалалы, жалғызбасты аналарға баспана сыйлау. Осыған дейін қордың қолдауымен 8 аудан тұрғыны баспанаға ие болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: