Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі орынбасарының қатысуымен «Ашық есік» күні өтті

28.07.2023, 11:14 274

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жазасын өтеуші жұмыссыз сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік» күні өтті. Аталған шараға Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Дінмұхаммед Ермеков, Қызылорда қаласы әкімдігінің өкілдері, қаладағы бірқатар кәсіпкерлер, ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Мұрат Нәкенов , ҚАЖ департаментінің бас маманы Бақыт Абилова, ҚАЖД №60 мекемесі бастығының орынбасары Жарас Ауешов пен мекеме қызметкерлері қатысты.

Шара барысында келушілер мекенің өндірістік аймағында пайдалануға берілетін ғимараттар мен сотталғандардың жасаған өнімдерімен танысты. ҚАЖД №60 мекеме бастығының орынбасары Ауешов Жарас шараға қатысушыларды мекеменің өндірістік аймағындағы жұмыс обьектілеріндегі әр түрлі өнімдермен таныстырып, мекемеде кәсіп ашқан жағдайда сотталғандарды арнайы жұмыс киіммен қамту, жұмыс орнындағы техникалық қауіпсіздікті және санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау өз деңгейінде жүргізілу керегін, сотталғандардың айлық жалақыларын кешіктірмей, мекеменің депозиттік шотына уақытылы аударылуы, жарналарының заңға сәйкестігі қадағалануы керегін айтты.

  • №60 мекемесінде жазасын өтеп, мемлекетке немесе жеке тұлғаларға өтемақылары бар сотталғандар осы кәсіпорында еңбек ету арқылы айлық табысынан қарыздарын өтеуде. Осы шара барысында алдағы уақытта жұмыспен қамтылған сотталғандардың санын арттырып, жаңа жұмыс көздерін ашу мен кәсіпкерлік субьектілерге қосымша сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағыты жоспарлануда,- деді ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Мұрат Нәкенов.

Қорытындылай келе кәсіпкерлер мекемеде кәсіпкерлерге жасалған мүмкіндіктермен танысып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтындарын жеткізді.

Адина ҰЗАҚБАЙ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: