HALYQLINE.KZ Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде қайырымдылық акциясы өтті. Шараны Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Ақжігітова Индира Сансызбайқызы ашып, отбасы мерекесімен құттықтады.
Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Аталмыш шара барысында қала тұрғыны, кәсіпкер, батыр ана Базаркүл Миятова өнерлі балаларға дәруменге толы сыйлық пакеттері мен ойыншықтар тарту етті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!