Қызылорда қаласындағы сауда орындары мен базарларда 5 желтоқсаннан бастап күнделікті «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ғабит Бабаев баяндады.
– Мереке қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде өрт оқиғаларын болдырмау және жарақат алу жағдайларының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардан пиротехникалық бұйымдарды сатып аларда өнімнің сертификатталғанына назар аударуын сұраймыз. Міндетті түрде пайдалану нұсқаулығын мұқият оқу қажет. Сондай-ақ, тұтандырылған пиротехникалық бұйымдарды қолда ұстауға, бөлме ішінде, қауіпті аймақта пайдалануға, адамдарға қарай бағыттауға, тұтанбай қалған жағдайда оны қарау үшін еңкеюге мүлде болмайтындығын еске саламын, – деді Ғабит Әбдінәбиұлы.
Айта кету керек, сертификатсыз, лицензиясыз пиротехникалық жарылғыш заттар мен фейерверктерді сатқан кәсіпкерлерге және ереже талаптарын сақтамаған азаматтарға Қазақстан Республикасының тиісті заң талаптарына сәйкес шара қолданылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!