Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ойын алаңдары жаңғыртылды

04.07.2024, 12:30 63

Осы  жылы облыс әкімінің қолдауымен арнайы бюджеттен қаржы бөлініп, қала бойынша 10 ойын алаңына күрделі жөндеу, 15 ойын алаңына қайта жаңғырту ісі бастау алған. Жалпы, жоба 3 айға мерзімделген. Он ойын алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмысы «Авангард ПГС» ЖШС-не бекітілген. Ал 15 ойын алаңын қайта жаңғыртуды мойнына алған мердігер – «Азамат-Құрылыс» ЖШС. 2024 жылдың сәуір айынан бастап Төле би көшесі бойындағы №114, №139, Әйтеке би көшесі №5, Торайғыров көшесі №55, «Ақмешіт» шағын ауданы №24 көп пәтерлі тұрғын үйлер аулаcында күрделі жұмыстар жүргізу басталып кеткен. Алдағы уақытта аула маңындағы ойын алаңдары қайта жаңғыртуды талап ететін біраз тұрғын да іргелі істің куәсі болмақ. Атап айтар болсақ, Пәрімбетов көшесі №20, Әйтеке би көшесі №36, Бегім ана көшесі №10, Ілиясов көшесі №18, Желтоқсан көшесі №104 «А», Толыбеков көшесі №14 көп қабатты тұрғын үйлерінің ойын алаңдары қайта жаңғыртылады.

  • Өздеріңіз көріп отырғандай, жөндеу жүргізілген ойын алаңдары өте сапалы. Жаз айы – балалардың жазғы демалысқа шығып, асыр салып ойнайтын сәті. Сол себепті олар ойнайтын алаң да сапалы әрі қауіпсіз болуы тиіс. Қазіргі таңда күрделі жөндеуден өтуі тиіс он ойын алаңының 7-8-і дайын. Қалғаны бір ай көлемінде халық игілігіне беріледі.

Тозығы жеткен аулалар да жоқ емес. 5-10 жыл көлемінде салынған ойын алаңдарының өзі бүгінде біртіндеп сұрқы кетіп жатыр. Кезең-кезеңімен «Сырдария», «Астана 1» шағын аудандарының да ойын алаңдарын жөндеу жұмыстары күнтізбеде белгіленулі тұр. Қаржы қаралған жағдайда алдағы жылы жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары басталады, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Дархан Бақтияров.

Былтырдан бері «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы біршама аймақта шағын ойын алаңдары бой көтерген. Нақтылап айтсақ, Әл Фараби, Бәйтерек тұрғын аудандары шағын ойын алаңдарымен қамтылды.

  • Көшеміздегі ойын алаңының жөнделгені жақсы болды. Жалпы, бұл жерге балалар көп шоғырланады. Неде болса балалардың сапалы жерде ойнағанын қалайсың. Жөндеуден кейін ойын алаңы шуақты, көңілді аура беріп тұр. Жоба жалғасын таба берсін деймін, – дейді көше тұрғыны.

Міндеттелген аумақтарға толық бетон жабындысы құйылды. Сондай-ақ, толық демонтаждау жұмысы жүргізілді, кіші футбол ойын алаңының тұғырлары, қоршауы орнатылды. Күрделі жөндеу құрылысына кеткен қаржы 539 млн теңгені құрайды. Ал қайта жаңғырту жұмыстарының жалпы сметалық құны 1 075 121,0 млн теңге.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: