Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өспей жатқаны айлық қана: депутат Дәулет Мұқаев қымбатшылық қысқанын айтып, дабыл қақты

17.01.2025, 16:45 53

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Астанада 1 келі картоп 485 теңге болғанын айтып, азық-түлік бағасы шарықтап бара жатқанын сынады, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

– Қымбатшылық бетімен кетіп барады. Ал антимонополиялық комитет жұмысы – 0. Осы кезге дейін келісі 150-180 теңгеден еді. Қымбаттағаны картоп қана емес. Өспей жатқаны айлық қана, – деді ол.

Халық қалаулысы Қазақстанда орташа жалақының 52-56 пайызы азық-түлік алуға жұмсалатынын жеткізді.

«Экономикасы нашар Африка елдерімен пара-пар: Нигерия елі – 59%, Мьянма – 56,6%, Кения – 56,1%, Бангладеш – 52,7%, Лаос – 50,6%, ал Ангола – 49,7% жұмсайды. 105 елдің ішінде соңғы қатардамыз. Ал АҚШ орташа айлықтың – 6,7%, Сингапур халқы болса – 8,4%, ұлыбританиялықтар – 8,7% ақшасын тамаққа жұмсайды. Соғыс болып жатқан Ресейдің өзінде – 29%, ал Украинада – 41,6% екен. Сонымен қатар Беларусь халқы – 32,1%, Түрікменстан – 36,9%, ал өзбектер – 46,5% ақшасын азық-түлікке жаратады», – деді депутат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: