Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірде жоғары технологиялық өндіріс дамып келеді

07.04.2026, 0:53 28

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту бағыты еліміздің өңдеу өнеркәсібінде нақты нәтижесін беруде.

Солардың бірі республикада баламасы жоқ табақша шыны өндіретін «Orda Glass Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Кәсіпорын өндіріс процесін толық цифрландырып, автоматтандыру арқылы жоғары тиімділікке қол жеткізген. Жылдық қуаты 197,1 мың тоннаны құрайтын зауытта өнеркәсіптік роботтар мен заманауи басқару жүйелері кеңінен енгізілген.

Атап айтқанда, жапониялық Fanuc компаниясының роботтары ауыр шыныларды дәл әрі қауіпсіз өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өнім сапасын цифрлық бақылау, ақауларды автоматты анықтау және шыны кесудің интеллектуалды жүйелері жұмыс істейді.

2024 жылы іске қосылған энергия үнемдейтін шыны өндіру желісі жылына 5 млн шаршы метр өнім шығаруға қауқарлы. Бұл шыны түрі жылуды сақтап, күн сәулесінің әсерін төмендету арқылы энергия тиімділігін арттырады. Соңғы жылдары өндіріс көлемі өсіп, өнімнің 30 пайызы шетелге экспортталуда.

Цифрландырудың тағы бір үлгісі «Айна Гласс» компаниясының айна өндіру зауыты. Мұнда өндіріс толық автоматтандырылған: барлық кезеңдер роботтар мен цифрлық жүйелер арқылы бақыланады. Өнім небәрі 40 минутта дайындалып, сапасы қатаң тексеріледі.

Жалпы, бұл жобалар цифрландыру мен автоматтандырудың өндірістегі тиімділігін дәлелдеп, өңірдің индустриялық дамуына және экспорт әлеуетінің артуына зор үлес қосып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: