Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Амал күнімен құттықтауы

14.03.2025, 14:55 59

HALYQLINE.KZ

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Амал күнімен құттықтаймын!

Көктемнің лебі сезілетін, елдің ырыс-ынтымағын, бір-біріне құрметін арттыратын айрықша мерекені жұртшылық асыға күтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Амал күні – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз» деп атап өтті.

Адамдардың бір-бірімен cәлемдесуі, жасы үлкендерге кішінің ізет көрсетіп, ілтипат білдіруі – ұлттық ерекшелігіміз ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының, бауырмалдықтың жарқын көрінісі.

Бүгін – «Амал келді! Жыл келді!» деп бір-бірін құттықтаған, бір дастарқаннан дәм татқан ағайынның арасы жақындай түсетін күн.

Бұл күн бізге туған жерімізді, халқымызды қадірлеуді, өткенді құрметтеп, бірлігімізді сақтап, болашаққа үмітпен қарап, сеніммен қадам басуға шақырады.

Жанашырлық, қамқорлық, мейірім сияқты асыл қасиеттер дәріптелетін, ұрпақтар сабақтастығы салтанат құратын Амал күні құтты болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғүмыр, бақ-береке тілеймін!

Бірлігіміз бен ырыс-ынтымағымыз арта берсін!

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: