Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Наурызда қазақстандықтар қалай демалады

02.02.2026, 10:25 41

HALYQLINE.KZ

Наурыздағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға бірнеше қосымша демалыс күні беріледі, деп жазады eGov.kz порталы.

Қазақстанда 8 наурызда Халықаралық әйелдер күні атап өтіледі. Биыл мереке жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Тиісінше, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады – 7 наурыздан 9 наурызға дейін, ал алты күндік жұмыс аптасында 8 және 9 наурыз демалыс күндері болып есептеледі. 10 наурыз, сейсенбі – жұмыс күні.

Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде Қазақстанда 21-23 наурыз аралығында тойланады. 21 және 22 наурыз сенбі және жексенбіге сәйкес келетіндіктен, мереке күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.

Яғни, қазақстандықтар қатарынан бес күн – 21-25 наурыз аралығында демалады.

Айта кету керек, Қазақстандағы мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне сәйкес биыл қосымша демалыс күндері беріледі.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: