Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Наурыз – достық алаңы” мерекелік шарасы өтті

21.03.2025, 18:29 34

Наурызнама онкүндігінің Ынтымақ күнінде облыстағы этномәдени бірлестіктер төрағалары, мүшелері, ҚХА ардагерлері, облыстық ҚХА құрылым төрағалары және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Наурыз – достық алаңы» мерекелік думан өтті.

Таңертеңнен Наурыз дәмі наурыз көже мен палау әзірленіп, “Қоғамдық келісім” мекемесінің қызметкерлері мерекеге белсене дайындалды.

Ең қызығы Достық үйінің артқы алаңында этнос өкілдері, мекеме жігіттері де қыздар да ұлттық спорттың көркін кіргізді. Асық атып, ләңгі теуіп, гір көтеріп, арқан тартысты.

«Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камалов Ынтымақ күніндегі мерекелік шара береке, бірлігімізді арттыру мақсатында өткізіліп жатқандығын атап өтті.

Ал Неміс орталығының төрағасы Ирина Шек «Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Осы ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жалғастырып отырған. Бізде Ұлыстың ұлы күнінде осы мерекені асыға қарсы алып, қазақтың ұлттық ойындарын бірге ойнаймыз»- деді.

Ал асық атудан қыздар арасында оқ бойы озып шыққан мекеме хатшысы Жазира Сейткамал , бұл спорт түрінің денсаулыққа пайдасын айтып өтті.

Сондай-ақ, «Үздік ұлттық киім»номинациясымен Бақ-пен жұмыс секторының басшысы Әсел Абзал, аға сарапшы Гүлзира Сәрсенбек және Шаруашылық секторының басшысы Жасұлан Мендимамбетов,мекеме қызметкері Айгүл Утеуова, «Ассамблея жастары» ұйымының мүшесі Нұрсұлтан Икрамов марапатталды.

«Үздік ұлттық тағам» номинациясымен мекеме қызметкері Гүлмира Ізтілеуова, жігіттер арасында асық атудан және ләңгі тебуден бірінші орынды мекеменің заңгері Айдос Алназаров, қол күрестен мықтылығын паш еткен мекеменің аға сарапшысы Бауыржан Жанұзақов жеңіп алды.

Ал гір тас көтеруден керемет нәтиже көрсеткен “Ассамблея жастары” ұйымының мүшесі Исмаил Махадиновқа барша қауымның қошеметі зор болды.

Ептілік пен шымырлықты қажет ететін арқан тартыс сайысы қатысушылар үшін өте көңілді өтті.

Мерекелік шара соңында жеке жеңімпаздар мен командаларға кәсіподақ төрағасы Гаухар Умартаева сый-сияпат табыстады.

Барша жиылған қауымға ауызашар-шүкіршілік дастарханы жайылып, құран оқылды. Қасиетті Рамазан айында дұға-тілектер айтылды.

@«Қоғамдық келісім» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: