Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мөлдірдің мұңы

12.10.2020, 10:30 846

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысынан сайланған Мәжіліс және Сенат, облыстық мәслихаты депутаттарының назарына!

«Әйелдердің зейнетке шығу жасын 55-57 жасқа шегеру керек. Менің құрдастарым, яғни 1962 жылғы әжелер 60 жасқа дейін жұмыс істеуі тиіс екен. Аппақ шашымызбен бізге еден жудырса, оңған екенбіз. «Жұмақтың кілті – ананың аяғының астында» дегендерің қайда? Табанымның астында жұмақ емес, мекеменің едені, қолымда сулы шүберек, баламнан кіші бастықтың табанының астын сүртіп жүрмін. Әлгі айта беретін «ананы сыйлау» дегендерің адыра қалды ма? Бәлкім, ондай аналардың санатында біз жоқ шығармыз?.. Обал-сауап, Құдайдан қорқу деген ұғым ше..?»

Мөлдір есімді еден жуушы болып жұмыс істейтін замандасымның осы сөзін жырмен жеткізуді жөн көрдім.

Құлағың сал, қарағым,

Зар-шеріне ананың.

Білер сөздің бағамын,

Жеткіземін саған мұң.

Жары болып ағаңның,

Ақ некеге адалмын.

Еден жуып жазыпты,

Нан табуды таланым.

Бақыт санап баламды,

Талай таңым ағарды.

Құстай ұшқан мезгілде,

Қоғам тағы жаңарды.

Қиын тірлік қысқаны,

Бай жұмыстан қысқарды.

Өсіп тұрған құлыным,

Қызметтен тыс қалды.

Қатын тауып ақшаны,

Қандай жолға бастады?

Азын-аулақ жалақым,

Ішіп-жемнен аспады.

Өмір салып піспекті,

Жылдар бармақ тістетті.

Әжім түсіп маңдайға,

Білегімнен күш кетті.

Қайрат қашты бұлдырап,

Қарттық келді тұнжырап.

Жуып жүрмін еденді,

Әлі күнге сылбырап.

Қайда сені туғаным,

Анаң үшін тұрмадың.

Ақ шашымды елемей,

Қалай болды о, жаным?!

Мөлдірдің  мұңын  жеткізген

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: