HALYQLINE.KZ Қызылорда гарнизонындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты әскери бөлімі басқармасы жыл сайын өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында іс-шара ұйымдастырды.
Бөлім командирі капитан Жанболат Әкенов және бөлімнің басқа да әскери қызметішілері аталған қайырымдылық акциясына белсене атсалысты. Бөлім басшылығы бөлімдегі көпбалалы әскери қызметшілердің отбасыларына барып, мектепке баратын балаларға оқуға қажетті барлық құралдарын алуға көмек қолын созды. Балаларға қажеттіліктерін тапсыру барысында әскери қызметшілер балаларға алдағы оқу жылын жақсы нәтижемен аяқтауларына, спортпен шұғылдануларына кеңес беріп, жақсы тілектерін білдірді.
Акция барысында материалдық және моральдық көмек қолын созған жауынгерлерге көп балалы ата-аналар мен балалар өз алғыстарын білдірді.
– Мұндай қайырымды істер әскерилерге елге қызмет етумен бірге жүретін үлкен міндет. Тек жұмыста ғана емес, басқа уақыттарда да бір-бірімізге жанашыр болуымыз керек. Алдағы уақытта да, біз жауынгерлер, кез-келген жақсы іс-шараларға атсалысуға дайынбыз, – дейді әскери бөлім командирінің орынбасары аға лейтенант Ақылбек Болат.
Қызылорда гарнизонында «Балалар жылы» аясында балаларға арналған басқа да көптеген іс-шаралар атқарылуда.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!