HALYQLINE.KZ Танымал әнші Мейрамбек Беспаев «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында Мемлекеттік тілге қатысты өз ойымен бөлісті.
Өнер иесі екі сөздің басын құрай алмайтын бауырлары үшін қиналатынын айтып, мемлекеттік тіл мәселесінде қатал шешімдер керектігін айтты.
«Әрине, ашынасың. Бірақ, «қолдан келетін шара не?» деп отыра беруге де болмайды. Өте қиналамын, сол жігіттерге жаным ашиды. Тіл білмей тұрып, екі сөздің басын қоса алмай, жазып бергенді оқи алмай тұратын бауырларым үшін қатты қиналамын. Айналып келгенде ол да бір қазағың ғой. Жаның ашиды, ашуланасың. «Жоқ, сен тіл білмейсің» деп оны далаға лақтырмайсың ғой. Ертең «өз қазағыма жұмыс істейін, талпынайын десем, бұл қазағым өзегімнен тепті» дейді. Кім біледі? Ол ақылды жігіт шығар. Тек тәрбиесі сондай болған шығар. Бірақ, біз бұған шыдап келдік. Кейде қатал да шешімдер керек сияқты» , – деді Беспаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!