Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Малшы жоғалып кеткен

24.02.2025, 10:12 36

Ақтөбе облысында малшы жоғалып кеткен. ТЖМ құтқарушылары жоғалған малшыны тапты, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Баршақұм ауылында 1987 жылғы ер адам мал іздеп шығып, қатты боранның салдарынан адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

«Құтқарушылар жедел түрде келіп, іздестіру жұмыстарын төртаяқты құтқарушылардың, қар көлігінің және ТЖМ арнайы техникалардың көмегімен жүргізді. Малшыны құтқарушылар «Егізқара» шаруа қожалығының аймағынан тапты. Аталған азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», – делінген мәліметте.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: