Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көлік министрлігі сотқа тартылады

02.10.2023, 13:10 386

HALYQLINE.KZ

Қауіпсіз жол қауымдастығы Көлік министрлігін сотқа береді. Бұл туралы Stan 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, басқарма жол ақысы үшін ақшаны заңсыз жинап, қазан айынан бастап төлемді 20 пайызға көтеріп жатыр. Мамандар азаматтарға тегін балама жоқ екеніне наразы.

«Көлік министрлігі ақылы жолдардағы тарифті 20 пайызға көтеріп, кейін бағаны жыл сайын өсетін Айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланыстыруды жоспарлап отыр. Бірақ бағасы сапаға сәйкес келе ме? Біз бірауыздан жоқ дейміз. Ақылы жолға айналғаннан бері жолдар жақсара қойған жоқ: жолдарда шұңқырлар көп, жол бойындағы қызмет көрсетілмейді, ал қыста жолдар нашар тазаланады», – дейді көлік жүргізушілері.

Сарапшылардың пікірінше, адамдар төлем жасау немесе жасамауды өздері таңдауы керек.

«Балама жол жоқ, ескі жолға тас жол салып, ақша алып жатыр. Бұл жалпы конституцияға қайшы екенін түсіну керек. Мүмкін сотқа шағым түсірерміз. Ақылы жол болса, сапасы бірдей тегін жол болуы керек», – деді Қауіпсіз жол қозғалысы қауымдастығының президенті Әрсен Шақуов. 

Көлік министрлігі де жаңа учаскелерде тек жүк тасымалы үшін ақылы жолдарды енгізу мәселесін қарастыруда. Экономистер бұл тарифтік бағаның жалпы өсуімен бірге тауарлар мен қызметтердің бағасына айтарлықтай әсер ететінін айтады.

«Біздің тауарлардың барлығы ірі қалалар мен елді мекендерге ақылы жолдар арқылы жеткізіледі. Баға осыдан еселеп өсетіні сөзсіз. Баға ет, сүт, ұн, көкөніс, біз арзан сатып алуға үйренген ірі көлемдегі тауарларға әсер етеді», – деді экономист Марат Абдурахманов. 

Сондай-ақ, экономистер Еуропа елдері мен АҚШ-та ақылы жолдардың енгізілуімен көлік салығы мен жанар-жағармайға салынатын акциздердің алынып тасталғанын атап өтті. Өйткені, олар азық-түлік құнына да әсер етеді. Біздің елде мұндай өзгерістер жоқ. Бұл ретте Көлік министрлігі Қазақстанның транзиттік хабқа айналуына, автокөлік тасымалы көлемінің артып келе жатқанына байланысты бағаны көтеруді жоспарлап отырғандарын, бұл жолдарға қосымша салмақ түсіретінін айтады. Төлем есебінен олар жол бойындағы қызмет көрсетумен қатар сапасын арттыруды да жоспарлап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: