Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Карантинде онлайн қызмет алатындардың саны артқан

21.05.2020, 15:50 464

HALYQLINE.KZ Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау бойынша төтенше жағдай кезеңінде азаматтардың құжаттары egov.kz электронды үкімет порталының «Электронды өтініштер» сервисі арқылы қабылданған болатын. 26 наурыз бен 10 мамыр арлығында облыс бойынша әлеуметтік салаға қатысты 1938 электрондық өтініш қабылданған. 1453 адам портал арқылы балалар жәрдемақысы мен мүгедек баланы күтіп-ұстау үшін құжат тапсырған.

Айта кету керек, жаңа босанатын ана егер босанғанға дейін мобильді азаматтар базасына (МГОВ) ұялы телефон нөмірін тіркеген болса, онда перзентханадан 3 қызметті проактивті форматта бір ғана СМС-тің көмегімен алуға мүмкіндік алады. Олар – Туу туралы куәлігін алу мен 1 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындау және балабақша кезегіне қою.

Осыған орай, барлық болашақ аналарды ұялы телефондарын egov.kz электронды үкімет порталының төменгі оң жағында орналасқан жасыл түстегі «Виртуалды көмекші» сервисіне кіріп оператормен бейне байланыс арқылы МГОВ-қа тіркеп алуға шақырамыз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: