Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкер халықты қарызға батырған банктерге неге шүйлікті?

23.06.2023, 10:35 312

HALYQLINE.KZ

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың І тоқсанындағы орташа жалақы 340 636 теңгеге тең. Ең жоғарғы орташа айлық Атырау облысында (618 420 теңге – авт.) тіркелсе, кеше ғана орманы өртенген Абай облысының орташа жалақысы 285 665 теңге.

ҰСБ 1, 9 млн теңге алатын Жеңіс Қасымбек (Қарағанды облысының әкімі қызметіндегі айлығы – авт.) пен ең төменгі айлығы 70 000 теңгеге көтеріледі деген пошта қызметкерлерінің жалақыларынан орташа айлық шығарады. Осы көзқараспен қарағанда халықтың орташа айлығының 340 636 теңге екендігі айқындалатынымен, бұл олардың табыс көзі өсті дегенді білдірмейді. Керісінше, уақыт өткен сайын банкке тәуелділігі артып келе жатыр. Бұл жағдайды бақылап жүрген кәсіпкер Жұмабек Жанқұлов банктердің халықты алдап жүргенін ашына жазды.

“Кредит алу студенттерге, зейнеткерлерге, тіпті жұмыссыздарға да  оңай шаруа болып кетті. Отбасы мүшесінің әрқайсысында 2,28 кредит бар. Бұл масқара! Оның үстіне, олардың төлем қабілеттілігі де ешкімді алаңдатпайды.

Халық 56%-дық ескі несиесін өтеу үшін, жаңа несие алуға мәжбүр. Жалақы түгелдей қарызды өтеумен кетеді. Мұны өмір сүру түгілі, күнелту деп айту қиын. Соның салдары адамдарды қылмысқа, суицидке апаратыны анық.

Каспи Ред – қазақстандықтарды алдаудың тағы бір тамаша тәсілі. Жылдам ақша өзінің қолжетімділігімен кез келген адамды қызықтыратыны белгілі. Адамдар аңғармастан қажетсіз заттар мен бұйымдар сатып алумен әлек. Дәл осы жағдайда банк қарапайым адамдармен қоса бизнестен де табыс табады. Kaspi, аппетитіңді азайт , көзі жыбырлағанның бәріне жаппай несие беруді тоқтат!, – деп айтты Жанықұлов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: