Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Игерілмеген жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылуда

06.12.2024, 16:05 88

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласында пайдаланылмай жатқан жер учаскелерінің игерілуі бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін «Бәйтерек» тұрғын ауданынан жалпы көлемі 9800 гектарды қамтитын 5112 жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысы үшін табысталған. Талдау нәтижесі көрсеткендей осы учаскелердің 1883-і мақсатына сай игерілмегені анықталып отыр.

Иелігіне жер алғанымен, жер иесінің оның игерілуіне салғырт қарауы салдарынан тұрғын аудандағы инженерлік инфрақұрылымдардың ұрлану деректері болған. Осы ретте, сала мамандары мақсатына сай уақытылы игерілмеген жер учаскелерін анықтап, заң талабына және тиісті алгоритмдерге сәйкес мемлекетке қайтару жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы, қала бойынша 71 304 тұлға жер кезегіне тіркелген. Мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелері аталған кезекте тұрған азаматтарға табысталатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: