Газ тұтынушылардың назарына!
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы газ тарату желілеріне Сабалақ елді мекенін тауарлық газға қосу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, осы жылдың 12 желтоқсанында сағат 8:30-ден 18:00-ге дейін Қызылорда қаласының Наурыз, Махамбет елді мекендерінде орналасқан жеке тұрғын үйлер мен өнеркәсіптік және коммерциялық-тұрмыстық нысандардың тұтынушыларына табиғи газ беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.
Газ беру уақытша тоқтатылған кезеңде газ жабдықтарының алдындағы крандарды жабуыңызды және 2025 жылғы 12 желтоқсан күні сағат 17:00-ден бастап «QazaqGaz Aimaq» АҚ қызметкерлеріне газ беру үшін үй-жайларға кіруге мүмкіндік беруіңізді сұраймыз.
Газдың иісі шығуы анықталған жағдайда 104 телефонына қоңырау шалыңыз.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!