Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еңбек құқығының қорғалуы аса маңызды

13.02.2025, 9:15 69

HALYQLINE.KZ

Есепті мерзімде мемлекеттік еңбек инспекторларының қарауына жеке және заңды тұлғалардан 1403 өтініш түскен. Оның 310-ы қанағаттандырылса, 431 өтініш қарау реттілігімен басқа органға жолданған. Ал 662 өтінішке заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді. Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері болған жоқ. Мемлекеттік еңбек инспекторларымен жалпы жүргізілген 223 тексеру нәтижесімен 162 нұсқама берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметінде мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Болат Досымов баяндады.

– Негізгі бұзушылық түрлері – жалақыны немесе басқа да төлемдерді уақытылы төлемеу, еңбек шарты тоқтатылған кезде төленуге жататын төлемдердің жүргізілмеуі, еңбек жағдайлары өзгеру тәртібін сақтамау және басқа да бұзушылықтар. Жүргізілген тексерулер нәтижесімен еңбек заңнамасы талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 220 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, 79 тұлғаға «ескерту» түріндегі жаза қолданылып, айыппұл салынды. Қызылорда облысы бойынша Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі 4773 кәсіпорынның 4400-іне еңбек шарттары енгізілген, – деді Болат Бекайдарұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: