Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде жәрдемақы беру тәртібі өзгереді

21.04.2025, 10:50 302

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау тәртібі өзгереді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған жаңа жобада айтылған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.


Жаңа ережеге сәйкес, АӘК алғысы келетін азаматтар өздерінің банк шоттарындағы ақшасы, шығындары, несиелері, микрокредиттері мен депозиттері туралы толық мәлімет ұсынуға міндетті болады. Бұл ақпарат тек азаматтың келісімімен ғана қаралады.
«Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін өзгерту арқылы шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтарды анықтап, оларға нақты және әділ қолдау көрсету көзделіп отыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік бұл өзгерістер АӘК-ті әділетті бөлуді, ашықтықты арттыруды және ресурстарды нақты мұқтаж жандарға бағыттауды көздейді. Қоғамдық талқылау 5 мамырға дейін жалғасады. Егер жоба қабылданса, жаң

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: