Ұлттық статистика бюросының мамыр айындағы есебі бойынша жылдық инфляция деңгейі 15,9 пайызға жеткен.
2022 жылғы мамырмен салыстырғанда кеңсе тауарлары 67,5%, қияр 53,4%, кір сабын 49,7%, ыдыс жууға арналған құралдар 47,1%, қантсыз қоюландырылған сүт 46,6%, күріш 44,9%, күндізгі стационарлық емдеу 43,6%, шақпақ қант 42,7% қымбаттаған.
Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат бен сәбіздің әрқайсысы 19,1%-дан, картоп – 16,8%, у сарымсақ – 8,4%, қызылша 7,1% арзандаған.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі.
2023 жылғы мамырда тұтыну бағаларының бір айлық мәндегі индексі баяулап, сәуірдегі 0,9%-бен салыстырғанда 0,6% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы 0,7%-ға, азық-түлік және оған жатпайтын тауарлардың әрқайсының бағасы 0,5%-ға өсті.
Бағаның өсуі әуе жолаушылар көлігі қызметтерінде айтарлықтай өскен – 11,5% , ал теміржол бағасы 2,5%-ға артқан . Санаторий қызметтерінің бағасы 5,6%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 2,9%, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметтері – 1,7%, денсаулық сақтау қызметтері 1,4% өскен.
Азық-түлік тауарлары арасында мамырда көкөністер мен жемістердің бағасы өскен, қырыққабат 23,8%, пияз 9,9%, жүзім 9,6%, сәбіз 8,6%, алма 5,3%, картоп 4% қымбаттаған. Бағаның өсуі күріште – 2,5%, салқындатылған сусында – 1,9%, сүтте – 1,8%, шайда – 1,6% өскендігі байқалды. Ал, бұларға керісінше қияр 39,6%, қызанақ 23,7%, тәтті бұрыш 7,6%, қарақұмық жармасы 4%, банан 3,8% арзандаған.
Мамырда бағаның өсуі баллондағы сұйытылған газға – 1,7%, бензинге – 1,2%, дизель отынына – 0,7% байқалды. Алдыңғы аймен салыстырғанда киім және аяқ киім 1,3%, жеке қолдану тауарлары 1,2%, ыдыс-аяқ 0,9%, жуу және тазалау құралдары 0,8% көтерілді.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Шымкент қаласында – 1% (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгісі Павлодар облысында тіркелді – 0,1%.
Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Ұлытау облысында – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Алматы қаласы және Солтүстік-Қазақстан облысында – әрқайсында 1%-дан, ақылы қызметтер бойынша Шымкент қаласында, өсім – 2,7%.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!