Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ел бойынша қосымша 285 сейсмологиялық станция орнату қажет»

25.01.2024, 16:00 269

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Онда төмендегідей мәселелерді айтып өтті, – деп хабарлайды Halyqline.kz ақпарат агенттігі.

  • Жұрттың көпшілігінде «төтенше жағдайға қажетті чемодан» да жоқ болып шықты. Тиісті оқу-үйрету шаралары мектептен, тіпті балабақшадан басталуы керек;
  • Дабыл қосылмады. Бұл дұрыс шешім болды. Әйтпесе, қалада дүрбелең туындайтын еді. Бірақ халықты басқа байланыс арналары арқылы хабардар ету қажет болатын;
  • Техникалық құралдар ақпараттың әр адамға уақытылы жетуін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жолы SMS-хабарламалар тым кеш келді;
  • Дүмпу кезінде байбалам салып, жалған ақпарат таратқандар болды. Жұртты әдейі дүрліктірген адамдарды заңға сәйкес жазаға тарту қажет;
  • Мамандардың есебіне сәйкес бүкіл ел бойынша қосымша 285 сейсмологиялық станция орнату қажет;
  • Азаматтар алғашқы дүмпуге дейін бірнеше секунд бұрын Google сервисі ескерту жасағанын айтып жатыр. Біздің жүйелер бұлай істей алмады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: