ҚазАвтоЖол мамандары екі облыста ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді.
Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дерекке қарағанда, 5 наурыз күні сағат 01:00–де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы:
— «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 526-610 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Батыс Қазақстан облысы шекарасы учаскесі — Қобда ауылы).
Батыс Қазақстан облысы:
— «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысы шекарасы).
Жолды 2025 жылғы 5 наурыз сағат 08:00–де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, тұрғындар 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бүгін еліміздің 15 өңірінде тұман түсіп, бұрқасын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!