Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дәріхана қызметкерлерінің де жүйкесі сыр бере бастапты»

05.07.2020, 9:00 559

HALYQLINE.KZ Соңғы төрт-бес күнде дәріханаға шапқылаумен болдық. Алматыдағы аптека алдында ат байлайтын жер жоқ. Ығы-жығы халық. Бүгін де үйдегі кісі жазып жіберген бес дәрінің он, ұмытпасам он бірінші аптеканы аралап жүріп төртеуін әрең таптым.

Өзі іздеген затың әп-сәтте қатқа айналып шығатын ниеті қисық қоғам ғой… Кейбір аптекалар «размена нет» деген секілді көбісі іздеп жүрген бес-алты дәрінің атын есіктеріне тізіп, «бізде бұлар жоқ» деп баттитып жазып үлгеріпті. Дәріхана қызметкерлерінің де жүйкесі сыр бере бастапты. Әрі қарай екінші дәріні сұрай бастасаң «жоқ» деп арс етеді. Сонымен айтайын дегенім, біріншіден адам аяғы үзілмейтін қойма-дәріханаларға бармай-ақ қойыңыздар. Ол жерде де сіз іздеген дәрінің дені таусылған. Адам көп, ереже сақталмайды. Иінтірескен халық арасынан індет жұқытырып алуыңыз мүмкін. Оған қоса кезе күтіп уақытыңызды кетіресіз. Екіншіден, елеусіздеу, кішігірім дәріханаларға барыңыз. Адам аяғы аз. Әрі кетсе үш-төрт адам тұрады. Және сіз тап қазір іздеген дәрілер ол жерлерде әлі бар. Бүгін өзім осылай істеп көз жеткіздім.

Мақсат Рамазанның ФБ парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: