Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті

24.09.2020, 9:40 701

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы «Бақытты отбасы» орталығында Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді.

Жәрмеңкеге 19 жұмыс беруші мекемеден 37 бос жұмыс орыны ұсынылды. Қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 10 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жұмыс беруші мекемелерден электрик, сантехник, шаштараз, есепші, аспаз мамандықтарына сұраныстар көп болды. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 6 азамат «Азамат» ЖШС, «Boiashak International Developenent» ЖШС мекемелеріне жұмысшы ретінде жолдама алды.

«Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру – олардың құқықбұзушылықтармен қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі. Жыл басынан 34 есептегі азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен 23 жұмыс орындарының квотасы бекітілген. Есептегі жұмыссыз 23 адам квотамен жұмысқа орналасты», – деді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет майоры Д.Балғабаев.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: