Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биылғы ең қымбат автокөлік нөмірінің бағасы қанша?

03.03.2025, 8:10 93

Бүгінгі таңда VIP желісіндегі ең танымал нөмірлер – 001, 010, 111, 007, 077, 707, 777, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілердің ең төменгі бағасы 57 АЕК-тен яғни, 224 мың теңгеден басталады.

“ҚР Салық кодексінің 615-бабына сәйкес, жоғары сұранысқа ие МТНБ бергені үшін санаттарға сәйкес 57-ден 285 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік баж төленеді”, – делінген ІІМ-нің BAQ.KZ редакциясына берген ресми жауабында.

Белгілі болғандай, автокөліктің мынадай сандық белгілері: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 ең қымбат комбинация санатына жатады.

Осындай «ерекше» нөмерлердің бағасы биыл – 1,1 млн теңге.

Айта кетерлігі, былтыр жалпы сомасы 15 млрд теңгеден асатын жоғары сұранысқа ие 44 273 автокөлік нөмері берілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: