Бүгін Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралып, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі салық базасын кеңейтіп, жаңа резерв көздерін анықтау. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында әрбір әкімге өз аумағындағы кәсіпкерлік нысандар мен тойханалардың табыстарына талдау жүргізу тапсырылды. Бұл шаралар қосымша салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік беремек.
Мәжілісте сондай-ақ бірқатар кемшіліктер қозғалып, аудан көлемінде жүзеге асырылатын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жандандыру жөнінде жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.
Апта сайын өткізілетін сенбілік жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру, сондай-ақ аудан тұрғындарын тазалық сақтауға шақыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жиынды қорытындылай келе, анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты міндеттер белгілеп, жауапты әкімдер мен бөлім, мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!