Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белгіленбеген орындарға суға түскендер айыппұл арқалайды

03.07.2024, 9:35 199

HALYQLINE.KZ

Жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарында 14 адам қаза болса, оның 9-ы – бала. Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі адамдардың белгіленбеген орындарға суға түсуінен болып отыр.

Елімізде белгіленбеген орындарда суға шомылу «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 364-бабы (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу»), 440-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу») және 412-бабы (Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау) бойынша жауапкершілікке тартылады, яғни тәртіпке бағынбағандар үшін 25 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Осыған сәйкес Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев бастаған жұмысшы топ Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы Қазалы су торабына барып, балық аулап отырған бірқатар тұрғынмен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын назарларыңызға сала отырып, ортақ су пайдалану қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: