Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ажар Ғиният: Өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа ұлғаяды

26.09.2023, 17:16 216

HALYQLINE.KZ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру туралы баяндама жасады.

Министрдің айтуынша, 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетик сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау жүруде. Сонымен қатар, халықтың өмір сүру жасы ұлғаяды.

– Темекіні тұтынуды азайту үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемелері көтерілді, электрондық темекі, олардың хош иістендіргіштері мен сұйықтықтарының айналымына толық тыйым салу бойынша Мәжілісте заңға өзгерістер қарастырылды. 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізілуде.

Елімізде 2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін ұлғайтылады және халықтың денсаулығы жақсарады. Қазақстан алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуда көш бастап тұр және бұл мәселені халықаралық деңгейде белсенді түрде ілгерілетудеміз, – деді министр. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 11-15 жастағы жасөспірімдердің энергетик, тәтті сусындарды ішуі 17,5%-ға тең. Ал, ересек тұрғындардың 21%-ы темекі тартады. Балалардың 20%-ы артық дене салмағынан, ал 6%-ы семіздіктен зардап шегеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: