Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауылдар интернет желісіне қосылуда

18.03.2021, 18:00 747

HALYQLINE.KZ  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы Қармақшы ауданының 9 ауылдық округі 10-20 Мб/сек жылдамдықтағы кеңжолақты интернет желісімен қамтамасыз етілді. Ал 2 кент және 8 ауылдық округ ұялы байланыс операторларының 3G жылдамдықтағы интернет желісіне қосылды.

– Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі. Қазіргі таңда интернет және ұялы байланыс жолдары электр жарығы сынды негізгі қажеттілікке айналды. Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту мен карантин уақытында үйден қызмет көрсетуге интернет қажеттілігі туындады. Елді мекендерді толық интернетпен қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатырмыз, – деді Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков.

Бағдарлама аясында енді Ақжар, Ақтөбе, Жаңажол ауылы және Жосалы кентін Activ және Tele 2 ұялы байланыс операторлары тарапынан 3G жылдамдықтағы интернет желісіне қосылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: