HALYQLINE.KZ Бүгін Қазалыда аудандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Тұрғындар ауылдық округтерден әкелінген өнімдерді 10-15 пайызға арзандатылған бағамен сатып алды. Бұл жолғы жәрмеңкеге ауылдардан қауын-қарбыз, картоп, көкөніс пен жеміс-жидек түрлері, ет, сүт, балық өнімдері ұсынылды.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытты. Жергілікті шаруалардың өнімдерін насихаттауды мақсат тұтқан іс-шара алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Жәрмеңкеге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, ауылдық округтерден әкелінген бау-бақша өнімдерімен танысты.
Аудан басшысы жәрмеңкеге келген тұрғындармен пікір алмасып, биылғы өнімнің сапасына оң бағасын берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!