Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудандағы жол жөндеу және құрылыс жұмыстары бақылауда

09.12.2025, 0:22 29

Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен бірқатар нысандарды аралап, онда жүргізіліп жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.

Алдымен аудан басшысы Н.Нақыпов көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының жай-күйін көрді. Аталған көшенің жалпы ұзындығы 1,9 шақырымды құрайды. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, жолға қажетті қиыршық тас толық төселіп, тегістеу жұмыстары аяқталып отыр. Бүгінде жол жабынына асфальттау жұмысы өз кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Сапар барысында аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс-жөндеу алаңы да тексерілді. Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, спорт залдары мен қосымша бөлмелерді жабдықтау бойынша жұмыстар жоспарға сай атқарылуда. Жандос Еркінбек мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударуды тапсырды.

Аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына нысандардағы атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындар үшін маңызды жобалардың уақытылы әрі сапалы аяқталуын тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: