Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауданда ауызсу инфрақұрылымындағы түйткілдер ашық айтылды

13.01.2026, 16:00 40

Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен ауыз сумен қамту мәселесіне арналған арнайы мәжіліс өтті. Күн тәртібінде Үкімет отырысында көтерілген су инфрақұрылымын дамыту, су бұру жүйелерін жетілдіру, суды үнемдеу және цифрлық технологияларды енгізу бағыттары кеңінен талқыланды. Жиында аудан тұрғындарын тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басты басымдық ретінде белгіленді. Биыл Ақбасты, Тоқабай, Ерімбетжаға және Тастүбек елді мекендері орталықтандырылған таза ауыз су жүйесіне қосылып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік жасалғаны айтылды.

Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Құдайберген баяндама жасады. Ол саладағы өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешу жолдарын ортаға салды.

Мәжіліс барысында аудан әкімі бірқатар елді мекендерде жұмыстардың жеткілікті деңгейде жүргізілмей отырғанын ашық айтты. Әсіресе Абай ауылында ауыз су жүйесіне қосу мәселесінің кешеуілдеп жатқанын атап өтіп, жобалардың белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуын жеке бақылауына алатынын жеткізді. Сондай-ақ Арал қаласындағы «Бурабай» су ұңғымасының құбырларын ретке келтіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жиын соңында аудан әкімі саладағы кемшіліктерді жүйелі түрде талдап, оларды жою бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Барлық міндеттердің орындалуы тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: