Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі жол жөндеу жұмыстарын бақылады

11.11.2025, 17:40 101

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі кентіндегі Әзімхан Смайлов көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының сапасын көзбен көріп, жұмыс барысын бағалады. Аралау барысында тиісті сала басшылары мен мердігер мекеме – «Акнур-Авто» ЖШС өкілі бірге болды.


Айта кету керек, аталмыш көше – №270 Ғафур Мұхамеджанов атындағы орта мектептің іргесінен өтетін, тұрғындар жиі пайдаланатын маңызды бағыттардың бірі. Жоба аясында көше бойына жаңа жарық шамдары орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы да заманауи талаптарға сай жаңартылатын болады.

Аудан басшысы жол жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуына баса мән беріп, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.


@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: