Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астанада Сыр өңірінің жәрмеңкесі өтеді

09.09.2025, 10:00 157

2025 жылдың 13-14 қыркүйек күндері Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз.

Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда өңірінің брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызы, ұлттық сусындары ұсынылады.

Жәрмеңкеде Қызылорда облысының дихандары мен шаруашылықтары 500 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері өндіруші бағаларымен сатылады.

Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет өнімдері, 20 тоннадай балық өнімдері, 160 тонна бақша өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізіледі.

Сонымен қатар, Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалай аласыздар.
Жәрмеңке сағат 9:00-18:00 аралығында «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойында өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: