Қызылорда қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында облыстық ардагерлер Кеңесінің кезекті Алқа мәжілісі өтті. Алқаға облыс әкімінің орынбасары Н.А. Сақтағанов, облыстық қоғамдық даму, денсаулық сақтау, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және спорт, экономика және қаржыбасқармаларының басшылары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ардагерлер Кеңесінің Алқа мүшелері, тұрақты комиссиялардың, салалық ардагерлер кеңестерінің төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Алқа мәжілісін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ә. Дүсенбаев жүргізіп, облыс әкімінің орынбасары Н.А. Сақтағановсөз сөйледі.
Нұрымбет Аманұлы өз сөзінде өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға тоқталып, ардагерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау шаралары әрі одан әрі жалғасын табатынын атап өтті.
Одан бөлек, Қызылорда облыстық ардагерлер Кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес тоқсанына бір рет өтетін кезекті Алқа мәжілісінде
Арал аудандық ардагерлер ұйымының төраға орынбасары Әділхан Танымбетов, облыстық денсаулық сақтау саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы Раиса Көзденова, Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылы бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Зағира Мұхамедова бірқатар атқарылған жұмыстар бойынша баяндамаларын жасады.
Сонымен қатар, өңірімізде болып жатқан оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғаларға сәйкес, «Мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықты болдырмаудағы білім беру мекемелері, құқық қорғау органдары мен ата-аналардың міндеттері»туралы облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бектұр Қали, облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Д. Маирихов хабарлама жасады.
Алқа мәжілісінің соңында облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері
өз ойларын ортаға салып, бірқатар ұсыныстар айтылды.
Облыстық ардагерлер Кеңесінің кезекті Алқа мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданып, хаттамаланды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!