HALYQLINE.KZ Аралда индустрияландыру бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асуда. Мәселен биыл жүн және теріні алғашқы өңдеу цехы және жылдық қуаттылығы 130 мың тонна дайын өнімді өндіретін түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауыты ашылады. Бұдан бөлек, құны 2,9 млрд теңгені құрайтын үшінші испан цехі пайдалануға беріледі.
– Өткен жылы ауданға 15,2 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Өнеркәсіп орындары 15,7 млрд теңгеден артық өнім өндіріп, салыстырмалы көлем индексі 109,8 пайызды көрсетуде. Аудан бойынша 2020 жылы 837,9 мың тонна тұз қазылып, 236,3 мың тонна йодталған тұз, 5,5 мың тонна балық, 278 тонна ет, 874 тонна нан және нан өнімдері, 103,1 мың текше метр кварц топырағы өндірілді, – деді Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев.
Аудан орталығында өткен жылы тауарлы балықты өсіру және өңдеу цехы, Бөген ауылдық округіндегі мұздату цехы және жатақхана, балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехі іске қосылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!