Бұл қуанышты жаңалықты Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы, мәслихат депутаты Арғын Орымбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
«Қуанышты жаңалық! Ақтөбе қаласынан Қазалы станциясына дейінгі жаңа N630/629 «Ақтөбе-Қазалы» бағытындағы жолаушылар пойызы ашылуға жақын, 2025 жылдың 2 сәуірінен бастап жүруі жоспарлануда. Бұл пойыз бұрын «Ақтөбе – Шалқар» бағыты бойынша қатынап, енді ұзартылып, Ақтөбеден Қазалыға дейін жолаушыларға қызмет көрсетпек.
Пойыз 10 вагоннан тұратын болады. Бұл бағыттың ашылуы – аудан тарихындағы алғашқы жағдай. Ақтөбе мен Қазалы арасындағы пойызға халықтың сұранысы жоғары. Сондықтан, жаңа бағыттың пайда болуы аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш болып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның басшылығына өз алғыстарын білдіруде.
Алдағы уақытта жолаушылар тарапынан да оң бағасын алып, жүйткіген пойыздар қалтқысыз сапалы қызмет көрсете беруіне тілектеспін» делінген хабарламада.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!