Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үкімет отырысы өтті

11.02.2026, 17:10 40

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Кеше Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру туралы тапсырмалар бергені белгілі. Жүктелген міндеттерді іске асыру мәселелері талқыланған жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Аймақта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылы елді мекендердің барлығы 100 пайыз орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су жеткізу мәселесі оң шешімін тапты. Бұл мақсатқа 26 млрд. 200 млн. теңге қаржы бөлініп, 423 көпқабатты үйге ыстық су қосылды. Жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде.


Aksa energy түрік инвесторы облыс орталығында 215 млрд. теңгеге 240 мегаваттық жаңа жылу электр орталығын салды. Стратегиялық маңызы бар бұл нысан толықтай инвестор қаржысы есебінен бой көтерді. Жылу орталығы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға үлесін қосуда.
Газдандыру деңгейі 83 пайызға жетсе, тозған электр желілерінің үлесі 60,8 пайызға дейін төмендеді. Жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайыз болып, «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының облыс аумағынан өтетін 216 шақырымы пайдалануға берілді. Кейінгі жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға �8 мыңға жуық, барлық ауданда 1800-ге жуық пәтер табыс етілді.
2022 жылдан бері облыста 42 білім беру, 40 медицина, 45 мәдениет, спорт нысаны салынды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасымен 10 жаңа мектеп, «Білімді қолдау қоры» есебінен 150 орындық мектеп, физика-математика бағытындағы Білім-инновация лицей-интернаты іске қосылды. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен 28 медициналық нысан ел игілігіне айналды. Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Барлық елді мекендегі денсаулық сақтау ұйымдары арнайы қызметтік автокөлікпен 100 пайыз қамтамасыз етілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: