Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Айдың 25-іне дейін төлеу керек»: Қазақстанда коммуналдық төлем ережелері өзгереді

15.09.2025, 11:00 229

Қазақстанда коммуналдық қызмет көрсету ережелері өзгеріп, барлық төлем бір түбіртекке біріктіріледі. Бұл туралы HALYQLINE.KZ ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Енді жарық, су, қоқыс шығару секілді барлық коммуналдық қызметтер бір төлем құжатына біріктіріледі. Оны Бірыңғай есеп айырысу орталықтары (БЕАО) жасақтайды. Бұл орталықтарды әкімдіктер конкурс арқылы таңдайды.

Тұрғындар үшін не өзгереді:

  1. Бұрынғыдай жеке түбіртектер болмайды, бәрі бір жерде көрсетіледі.
  2. Құжатты электронды түрде алуға болады (жеке кабинетте), Ал қажет болса, қағаз түрінде де беріледі.
  3. Барлық төлем алдымен арнайы транзиттік шотқа түсіп, кейін 3 күн ішінде жеткізушілерге аударылады.
  4. Бұл есеп-қисапты ашық әрі бақыланатын етеді.

Коммуналдық қызметтерді әр айдың 25-іне дейін төлеу міндетті. Бұрын төлем мерзімі шартқа немесе заңға байланысты әртүрлі болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: