Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтаманы Egov.kz электронды үкімет порталында онлайн немесе ХҚО-да алуға болады.
- Қызметті онлайн алу:
Порталда авторизациядан өткеннен кейін «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөлімінен қажетті қызметті тауып, «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз. Ол үшін сіз міндетті түрде мобильдік азаматтар базасына тіркелуіңіз керек.
Жеке кабинетіңіздегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде 5 минут ішінде өтінішіңіздің нәтижесімен таныса аласыз.
2. Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы алу:
ХҚО-ға жеке куәлігіңізбен барып өтініш жазасыз.
Бұл ретте қабылдау қызмет алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!