«Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігі ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің қаржыландыруымен «Қызылорда облысындағы жұмыссыз мүгедек әйелдерді қоғамға дайындау (психологиялық қолдау, кәсіби бейімдеу және бағдарлау)» жобасын жүзеге асыруда.
Қызылорда өңіріндегі мүгедектігі бар әйелдерге психологиялық қолдау көрсетуді мақсат еткен жоба қазіргі таңда түрлі тренингтер арқылы кәсіби бейімдеу және бағдарлау жұмыстарын жүргізуде. Жоба аясында қыз-келіншектерге қолөнер және мобилография курстарын өткізіліп, заңгер кеңесі, кәсіби психологтардың тренингтері өткізіліп келеді.
Бүгінде жоба аясында 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі әйел жан-жақты қолдаулар алып келеді. Атап айтқанда, жоба қатысушылары өздерінің қолөнер туындыларынан жәрмеңке ұйымдастырмақ. Әлеуметтік желілерде парақшаларын ашып, қолөнер бұйымдарын сатуға шығаруды да меңгеріп алды.
Жуырда Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ресурстық орталығында «Бизнеске шектеусіз қадам» циклі «Өзін-өзі дамыту және нәтижелі коммуникация» тақырыбындағы психологиялық тренинг өтті. Тренингте өзін-өзі дамыту жане басқаруға арналған мотивациялық жаттығулар, қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тренинг-жаттығулар жүргізілді. Тренинг 2 күнге жалғасып, қатысушыларға сертификат табысталды. Тренинг барысында жобаға қатысушылармен түрлі психогогиялық-практикалық жұмыстар жүргізілді. Тренер ретінде профессор, практик- психолог, ҚР Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендианты, PhD доктор Күлмаш Елшібаева шақырылды. Жоба бойынша шаралар қараша айына дейін жалғасатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!