HALYQLINE.KZ «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы аймағымыздағы вирус індетімен күресіп жүрген медицина саласының қызметкерлерінің балаларына 1 млн 232 мың теңгеге алынған 44 планшет табыстады.

Табысталу рәсімі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шүкірова Анар Әлиқызы және филиал төрағасы Асылхан Абылайханұлының қатысуымен өтті.
Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!