Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«42500 теңге бала санына қарай төленуі керек»

15.07.2020, 16:55 700

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин дағдарыста мұқтаж отбасыларға көмек көрсету жолдарын ұсынды.

«Көпбалалы аналарға, жалғызбасты аналарға берілетін жәрдемақылар толық көлемде төленіп келеді. Мүгедектік сынды куәліктің мерзімі өтсе, оны қайта куәландырудың қажеті жоқ. Автоматты түрде үш айға созылады. Ал 42500 теңге төлеммен дауласар едім. Әрине, халықты қолдау шараларымен экономистер айналысады. Дегенмен, мен балалардың санына қарай көмек көрсетуді ұсынамын. 42500 теңге алатын ересек адамның бір немесе бірнеше баласы болуы мүмкін. Ресейдің тәжірибесіне қарар болсақ, ондағы жәрдемақы бала санына қарай беріледі. Мұнда қисын бар дер едім. Өйткені 42500 теңгемен бір адам өмір сүруі мүмкін, бірақ бірнеше балаға жеткізу мүмкін емес», – деді Аружан Саин Фейсбукте өткен Antikor.live конференциясында.

Спикер бұл мәселені жедел қарастыру қажеттігін атап өтті.

«Біз үшін карантин – күтпеген оқиға болды. Бұл наурыз-сәуірдегідей қатаң карантин емес, дегенмен оны қайтадан енгізетінін ешкім күтпеді. ҚР Қаржы министрлігі, Еңбек министрлігі тарапынан бұл мәселені жедел түрде қарастыру қажет. Ресми түрде бұл ұсынысты ешқайда жібермедім. Өз командамыз ішінде ғана талқыладық. Бүгінгі эфирді пайдалана отырып, көпшілікке жариялағым келеді. Ресми түрде қажет болса, оны да жіберемін», – деді Аружан Саин.

Бұған дейін Аружан Саин пандемия кезіндегі балалардың құқығын қорғау жұмыстарын баяндаған еді.



Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: