HALYQLINE.KZ Қазақстанда техникалық реттеу жүйесін жетілдіру шеңберінде жаңа ұлттық стандарттар әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатыр. 2019 жылы жаңа 1 000 ұлттық стандарт әзірленді. 2025 жылға дейін тағы 2500 стандарт әзірленетін болады.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда Ислам ынтымақтастық ұйымының, Ислам елдерінің стандарттар және метрология институтының, MS (Малайзия) стандарттарының және басқалардың талаптары ескеріліп, Халалдың әзірленген 5 ұлттық стандарты күшіне енгізілді.
Министрдің айтуы бойынша, зертханалық желіні дамытуға үлкен назар аударылуда. Елімізде 904 сынақ зертханасы жұмыс істейді, оның ішінде үштен бірі ЕЭК Бірыңғай тізіліміне кірген. Жаңа бағыттар (халал, органика және GLP (химия, минералды тыңайтқыш, құрама жем, дәрі-дәрмек) бойынша зертханалар жаңғыртылады, сертификаттау бойынша мамандар мен сарапшы-аудиторлар даярланатын болады.
– Біздің қысқамерзімді жоспарымыз – өнімді сертификаттауды тестілеудің халықаралық танылған жүйесін құру. Қауіпті және сапасыз өнімге жол берілмеуі тиіс. Бұдан, әрине, адал кәсіпкерлер мен қарапайым тұтынушылар жеңіске жетеді, – деп мәлімдеді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ел алдындағы есепті кездесуінде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!