Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

175 мың қазақстандық шекара сыртында қалған

28.04.2020, 10:33 592

Төтенше жағдай режимі енгізілгелі шетелде жүрген қазақстандықтар елге қайтарылуда. Шекара сыртында әлі де 175 мың ел азаматы бар. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде өткен баспасөз конференциясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

– Қазіргі таңда шетелде Қазақстанның 175 мың азаматы бар. Олардың көпшілігі Отанына оралғысы келеді. Президент айтқандай, мемлекет ешкімді қиындықта тастамайды. Сондықтан қайта оралғысы келетіндердің барлығын әкелеміз. Қазір Сыртқы істер министрлігі осы бағытта жұмыс істеп жатыр, – деді министр. 

Белгілі болғандай, жақын арада АҚШ-тан 179, Польшадан 65, Израильден 28 азамат Қазақстанға оралады. Ал мамыр айында Ресейден 6 мыңнан астам қазақстандық елге қайтпақшы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: